Футболдан Еуропа чемпионаты: Хорватия мен Чехия тең түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі екінші турында Хорватия мен Чехия кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, аталған екі құрама Е тобында сынға түседі. Қарсыластары – Англия мен Шотландия.

Алғашқы турда Чехия Шотландиядан 2:0 есебімен басым түссе, Хорватия Англияға 0:1 есебімен жол берді.

Екі құрама бұған дейін үш мәрте кездесті. Оның біреуінде хорватиялықтар жеңіске жетсе, екі кездесуде тең нәтиже тіркелді.

Бүгінгі кездесуде хорватиялық құраманың басымдығы айқын аңғарылып тұрды. Десе де алғашқы голды чехиялықтар соқты. Ойынның 37-минутында Хорватия қақпасына белгіленген пенальтиді чехиялық Патрик Шик мүлт жіберген жоқ.

Екінші кезеңнің 47-минутында хорватиялық Иван Перишичи таразы басын теңестірді. Бұдан кейін таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Бүгін аталған топта Англия мен Шотландия шеберлік байқасады.

Бұл топтағы үшінші тур ойындары 22 маусымда болады. Бұл күні Хорватия мен Шотландия, Чехия мен Англия құрамалары кездеседі.


Соңғы жаңалықтар