Футболдан Еуропа чемпионаты: Чехия Шотландиядан басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысындағы топтық кезеңде Шотландия мен Чехия құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған екі команда D тобында сынға түседі. Қарсыластары -Англия және Хорватия құрамалары.

Бұл топта кеше, 13 маусымда Англия Хорватияны 1:0 есебімен жеңген болатын.

Екі құрама бұған дейін тоғыз мәрте шеберлік байқасқан.

Оның төртеуінде шотландтықтар, төртеуінде чехиялықтар жеңіске жетсе, біреуінде тең нәтиже тіркелді.

Айта кетерлігі, соңғы төрт кездесуде чехиялықтар аталған қарсыласын жеңе алмай жүрген еді. Сол кеткен есені бүгін қайтаруға тырысты.

Кездесу барысында чехиялық футболшы Патрик Шик 42, 52-минуттарда мергендік танытып, өз құрамасын алға шығарды. Ол алғашқы голын алаңның орта тұсынан соқты.

Бұл соққыға шотландиялық қақпашы Дэвид Маршалл қарсы тұра алған жоқ.

Сондай-ақ, бүгін тағы екі кездесу Е тобында өткізіледі. Алдымен Польша мен Словакия жасыл алаңға шықса, одан кейін Испания мен Швеция шеберлік байқасады.

Биылғы біріншілікте барлығы 24 құрама сынға түседі. Әрбір топтан үздік екі команда мен көрсеткіші жоғары төрт құрама жарысты жалғастыруға мүмкіндік алады.

Футболдан Еуропа чемпионаты 11 маусымда басталды, ол 11 шілдеде мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар