+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Футболдан Еуропа чемпионаты: Австрия Солтүстік Македонияны үшінші мәрте жеңді

2021 жылғы 14 маусым 00:08
Бөлісіңіз:
Футболдан Еуропа чемпионаты: Австрия Солтүстік Македонияны үшінші мәрте жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысында Австрия мен Солтүстік Македония құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде төрт қабатты Теннис орталығы салынып жатыр Қазақстан Олимпиаданың медальдар кестесінде нешінші орында тұр Олимпиадада коронавирус жұқтырғандар арасында қазақстандықтар бар ма – Комитет жауабы

Аталған екі команда С тобында сынға түседі. Қарсыластары - Нидерланды және Украина құрамалары.

Екі құрама бұған дейін екі мәрте шеберлік байқасқан. Екеуінде де австриялық футболшылар басым болды.

Солтүстік Македония Еуропа чемпионатының финалдық сатысына тұңғыш рет жолдама алып отыр. Алғашқы ойынында жеңіске жете алған жоқ.

Бүгінгі ойын қос құраманың алма-кезек шабуылымен өрбіді. Кездесуде екеуі де жеңіске жетуге жақын тұрды. Десе де австриялық құрама өзінің тәжірибесі мол екенін көрсетті.

Алдымен Австрия сапынан Штефан Лайнер 18-минутта есеп ашқан еді. Одан кейін олардың қарсыластарынан Горан Пандев 28-минутта таразы басын теңестірді. Ал австриялық Михаэль Грегорич 78, Марко Арнаутович 89-минуттарда қос гол соғып, қорытынды есепті белгіледі.

Айта кетейік, аталған топтағы Нидерланды және Украина кездесуі елорда уақытымен 00.50-де басталады.

С тобындағы келесі тур ойындары 17 маусым күні ойналады. Бұл күні Нидерланды мен Австрия, Украина мен Солтүстік Македония кездеседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT