Футболдан ел чемпионатында «Тұран» «Шахтерді» тізе бүктірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан чемпионатының оныншы турында түркістандық «Тұран» өз алаңында «Шахтерді» қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен турда түркістандықтар «Астанамен» тең түссе, қарағандылықтар ел чемпионы «Тобылды» ірі есеппен ұтқан еді.

Бірінші таймда алаң иелерінен 7-минутта Шоқан Абзалов есеп ашты – 1:0.

Екінші кезеңде Ш.Абзалов 54-минутта екінші голын соқты – 2:0.

Осылайша, Қуаныш Қабдоловтың шәкірттері бұл жеңістен кейін 11 ұпай жинап, турнир кестесінде оныншы орынға көтерілді. 13 ұпайы бар «Шахтер» сегізінші сатыда келеді.

Келесі турда 14 мамырда қарағандылықтар «Ордабасыны» қабылдаса, «Тұран» сырт алаңда «Ақсумен» кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайық» пен «Мақтааралдың» тең тарқасқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ ел чемпионатында «Каспий» қайтадан көш бастады.

Соңғы жаңалықтар