Футболдан ел біріншілігінде «Қайрат» өз алаңында «Атыраудан» ойсырай жеңілді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің оныншы турында алматылық «Қайрат» өз алаңында «Атырау» командасынан жеңілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында алматылық клуб белсенді бастаған еді. Ойынның 22-минутында «Қайрат» сапынан Андрей Ульшин қарсыласын дөрекі қимылмен шалып құлатты.

Осыдан кейін «Атырау» қатарынан Николай Тарасов 14, 38-минуттарда мергендік танытса, 46-минутта Андрия Филипович есепті ұлғайта түсті.

Атыраулық команда сырт алаңда 3:0 есебімен жеңіске жетті.

«Атырау» 17 ұпаймен үшінші орынға көтерілсе, «Қайрат» қазір тоғызыншы орында тұр.

Осылайша, «Қайрат» төрт ойын бойы жеңіске жете алмай келеді.

Сондай-ақ, бүгін Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Павлодар облысының «Ақсу» командасынан 2:0 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Астана» сырт алаңда «Ордабасыдан» 2:1 есебімен басым түссе, «Қызылжар» мен «Тараз» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Ертең, 8 мамырда «Ақжайық» (Орал) пен «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе», «Тұран» (Түркістан) мен «Шахтер» (Қарағанды) командалары шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар