Футболдан ел біріншілігінде «Астана» «Ордабасыны» жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің оныншы турында елордалық «Астана» сырт алаңда Шымкенттің «Ордабасы» клубын жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында екі команда тартысты ойын өткізді. Гол соғатын көптеген мүмкіндік болды. Алайда, оны тиімді пайдалана алған жоқ.

Ойынның 16-минутында елордалық команда сапынан Педро Эуженио мергендік танытты. Оған 44-минутта Серж Ньюадзи бір голмен жауап қайырды.

Екінші кезеңде командалар көбірек шабуылға шықты. Дегенмен, олардың тепкен доптары діттеген нысанасына жетпей жатты. Кездесудің 95-минутында елордалық Станислав Басманов жеңіс голын соқты.

Осылайша, «Астана» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Бұл жеңісінен кейін елордалық клуб 17 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ, бүгін Петропавлдың «Қызылжары» мен «Тараз» командалары 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Аталған турда бүгін 20:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Атырау», «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақсу» (Павлодар облысы) командалары кездеседі.

Ертең, 8 мамырда «Ақжайық» (Орал) пен «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе», «Тұран» (Түркістан) мен «Шахтер» (Қарағанды) командалары шеберлік байқасады.

Бұған дейін футболдан Қазақстан біріншілігі басталатыны жазылған.


Соңғы жаңалықтар