Футболдан Чемпиондар лигасының финалы кейінге шегерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Европада COVID-19 дертінің өршуіне байланысты мамыр айына жоспарланған бірқатар еурокубок ойындарының финалын кейінге шегеруге шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі UEFA сайтына сілтеме жасап.

Олардың қатарында әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасы, ерлер арасындағы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы ойындарының финалы бар. Финалдың өткізілетін уақыты әзірге белгісіз. Негізінде Чемпиондар лигасының ақтық бәсекесі 30 мамырға жоспарланса, Еуропа лигасының финалы 27 мамырда өтуі тиіс болатын.

Бүгінгі таңда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының 1/8 финалдық ойындары аяқталған жоқ. Әйелдер арасындағы ойындар барысы да әлі жалғасуы тиіс.

Бұдан бұрын футболдан Қазақстан құрамасының жолдастық кездесу ойындары өткізілмейтінін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар