Футболдан бірінші лигада «Оқжетпес» пен «Қайсар» көш басында келеді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің төртінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төрт турдан кейін әзірге Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Қызылорданың «Қайсары» ұпай жоғалтқан жоқ.

Бүгін «Оқжетпес» сырт алаңда Шымкенттің «Оңтүстік Академия» командасын 1:0 есебімен сүріндірсе, «Қайсар» өз алаңында Қарағандының «Шахтер -Болатынан» 4:0 есебімен басым түсті.

Аталған турдағы өзге ойындардың нәтижесі мынадай:

«Игілік» (Жамбыл облысы) - «Екібастұз» (Павлодар облысы) 1:0

«Жетісу» (Талдықорған) - «Қыран» (Шымкент) 0:1

«Жеңіс» (Нұр-Сұлтан) - «Тараз-Каратау» (Жамбыл облысы) 1:1

«Яссы» (Түркістан) — «Астана М» (НұрСұлтан-) 6:0

Ертең, 9 мамырда «Байқоңыр» (Қызылорда) мен «Қайрат-Жастар» (Алматы) командалары төртінші турды түйіндейді.

Аталған турдан кейін әзірге ұпай жоғалтпаған «Оқжетпес» пен «Қайсар» көш басында келеді.

Енді бесінші тур ойындары 13, 14, 15 мамыр күндері өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің оныншы туры мәресіне жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар