Футболдан әлем чемпионатын вакцина паспорты бар жанкүйерлер ғана тамашалай алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Үндістанның Махараштра штатында «Дельта плюс» деген атауға ие болған коронавирус штамының жаңа нұсқасының таралуы анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазірдің өзінде жаңа мутацияны жұқтырудың 20 жағдайы тіркелген. Үндістанның бүкіл медициналық ғылымдар институтының жетекшісі Рандип Гулерия аталмыш штаммның болашақта алаңдаушылық тудыруы мүмкін екендігін ескертті. Сондай-ақ ол, туындаған мутация вирустың жұғу қасиеттерін өзгертуге себеп болуы мүмкін екендігін айтып, бұл вирустың жаңа штаммын бірнеше апта бойы бақылау керек екендігін алға тартты.

Карнавалдар елінде пандемия аяқталар емес. Бразилияда өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны 44 178 адам жұқтырса, індеттен 1025 адам көз жұмған. Оңтүстік Америкадағы 17,92 млн халқы бар ел инфекцияны жұқтырудың анықталған деректерінің жалпы саны бойынша Үндістан мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орында тұр.
Парсы шығанағында өтетін FIFA Әлем чемпионатын вакцинация паспорты бар жанкүйерлер ғана тамашалай алады. Катар 2022 жылғы әлем чемпионатына тек вакцинацияның толық курсынан өткен азаматтарды жіберуге ниетті. Елдің Премьер-Министрі Халед бен Халифа Аль Тани футболдан Әлем чемпионаты 2022 жылдың аяғында өтетіндіктен, көптеген елдердің өз азаматтарын сол уақытқа дейін коронавирустық инфекцияға қарсы егіп үлгеретіндігін мәлімдеді. Чемпионатты өткізуші ел матчтарды тамашалауға келуді қалайтын адамдар үшін вакцинаның миллион дозасын жеткізу туралы келіссөздерді жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар