Футболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Финляндияға есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 12 қазанда футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы кезекті ойынын елордада Финляндияға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі кездесуде қазақстандық жанкүйерлер құрамадан жеңіс күткені анық. Дегенмен ойын барысында финляндиялық футболшылар жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде 45, 47-минуттарда Темми Пукки мергендік танытты. Бұдан кейін таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Кездесуде қазақстандық футболшылар қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ, бүгін елорда уақытымен 00:35-те Украина өз алаңында Босния және Герцоговинаны қабылдайды.

Қазақстан құрамасы бұған дейін алты ойын өткізді. Үшеуінде тең нәтиже тіркеліп, үшеуінде қарсыластарына есе жіберді. https://kaz.inform.kz/news/futboldan-alem-chempionaty-kazakstan-kuramasy-finlyandiyamen-kezdesedi_a3847847

Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия.

Енді Қазақстан құрамасы келесі ойынын 13 қарашада сырт алаңда Франция құрамасымен өткізеді. Сол күні Финляндия Босния және Герцоговинамен кездессе, 16 қарашада өз алаңында Францияны қабылдайды.

Фото:facebook.com/KFFka
Соңғы жаңалықтар