Футбол: «Тобыл» Түркияда қарсыласымен тең ойнады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Дубайдағы оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат клбутың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жолдастық кездесу Словакияның «Жилина» командасына қарсы өтті. Ойынның басында қостанайлықтар басым көрінген. Бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып, қарсыластарды қос қапталдан қысып бақты. Алайда қарымта шабуылдардың бірінде «Жилина» ойыншысы Бранислав Слука «Тобыл» қақпасын дәл көздеп, есеп ашты.

Қазақстандық команданың сапынан Сенин Себаи гол соғып, таразы басын теңестірді. Осылайша, «Тобыл» Словакияның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа лигасының қатысушысымен тең ойнады.


Соңғы жаңалықтар