Футбол: «Тобыл» ойыншысы Франция чемпионатына ауысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Қостанайдың «Тобылы» мен Грузия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Джаба Канкава Франция чемпионатына ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты агенттік тілшісіне ойыншының өзі растады. Джаба Францияның екінші лигасында өнер көрсететін «Валансьен» клубына ауысты. Қазіргі уақытта команда біріншіліктің оныншы орынында.

Канкава қостанайлық «Тобыл» сапына 2017 жылдың соңында қосылды. Ол «Тобылдан» бөлек, Грузияның «Динамосында», ресейлік «Алания» және Украинаның «Арсенал», «Днепр», «Кривбасс» командалары сапында ойнаған. Кейін Францияның «Ренн» клубында доп тепті.

Джаба Канкава футболсүйер қауымға өзінің ерлігімен де белгілі. 2014 жылы Украина біріншілігінде қатты соққыдан есінен айырылып, тілін жұтып қойған киевтік «Динамо» капитаны Олег Гусевтің жанын аман алып қалған еді. Бұл батылдығы үшін Джаба Украинаның Мемлекеттік Төтенше жағдайлар қызметінің құрмет грамотасына ие болған.


Соңғы жаңалықтар