Футбол ойнай алмағаны үшін сыныптастарының келемеждеуіне ұшыраған жасөспірім өзіне қол салды
«Криминалистика тарихы бірнеше мәрте қылмыс жасаған қылмыскерлердің басым бөлігі қатарластарының кемсітушілігіне және отбасындағы нашар қарым-қатынасқа ұшырағандығын көрсетіп отыр. Мәселен еліміздегі мектептердің бірінің 12 жастағы оқушылары өз сыныптастарына футболды жақсы ойнай алмағаны алмағаны үшін үнемі психологиялық қысым көрсеткен», - деді ол.
Оның атап өтуінше, футбол командасы бірнеше ойында жеңілгеннен кейін оқушылар барлық кінәні сыныптастарының нашар ойынан аударып кінә таққан.
«Келемеждеуге ұшыраған бала өзіне қол салып қайтыс болды. Жалпы, балалар суицидінің 80 пайызында себебін анықтау мүмкін емес. Бірақ, үнемі, оның ішінде қатарластарынан да жәбір көрумен байланысты психологиялық соққының да ықтимал екендігін ешкім жоққа шығара алмайды», - деді Марат Қожаев.