Футбол: қазақстандық ойыншы үздік гол авторы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов мәскеулік ЦСКА клубының қазан айындағы үздік гол авторы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш клубтың Twitter-дегі парақшасында мәлім етілгеніндей, Б.Зайнутдиновты жанкүйерлер Ресей премьер-лигасында «Урал» (Екатеринбург) командасымен өткен матчта соққан голы үшін үздік деп таныды.

Қазіргі таңда ЦСКА командасы Ресей чемпионатында 32 ұпаймен көш бастап келеді. Жексенбі күні 15-турда Мәскеуде ЦСКА «Сочи» командасымен 1:1 есебімен тең ойнады. Бұған дейін жарақат алып қалған Б.Зайнутдинов осы кездесуді толық өткізіп шықты. Бұл оның мәскеулік клуб құрамындағы 11-інші матчы еді.

Қазақстан ұлттық құрамасында Бактиер жартылай қорғаушы болса, ЦСКА бапкерлері оны қорғаныс шебінде пайдаланып келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Б.Зайнутдиновтің ЦСКА клубының қыркүйек айының қорытындысы бойынша үздік ойыншысы атанғанын, сосын аталмыш команданың Ресей чемпионатында көш бастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар