Футбол: Қазақстан жастары Испанияға есе жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін 21 жасқа дейінгі жастар арасында 2021 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда Испаниямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, қос құрама алтыншы топта сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Солтүстік Македония, Израиль, Черногория және Фарер аралдары.

Қазірге дейін 7 ойыннан кейін Испания жастары 19 ұпаймен бірінші орында тұрды. Ал қазақстандық жастар 8 ойыннан кейін 10 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады.

Айта кетерлігі, алаң иелері бүгін жеңіске жеткен жағдайда жарыстың финалдық кезеңіне жолдаманы жеңіп алтын еді.

Испания жастары сол дегеніне жетуге бар күшін салды. Бірінші кезеңде бірнеше қауіпті сәттерді ұйымдастырды. Дегенмен таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңнің 65-минутында испандық Уго Гильямон есеп ашса, 71, 83-минуттарда Даниэль Гомес мергендік танытты. Ойында Испания 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан жастары енді 17 қарашада өз алаңында Фарер аралдарын қабылдайды.

Іріктеу сатысында қазақстандық жастар ала-құла ойын көрсетті. Алдымен сырт алаңда Фарер аралдарын 3:1, Черногорияны 2:1 есебімен сүріндірді. Одан кейін өз алаңында Испаниядан 0:1, Израильден 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал бесінші кездесуінде Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең тарқасты. Алтыншы ойында өз алаңында Черногорияға 0:4 есебімен жеңілді. Одан кейін сырт алаңда Израильден 2:1 есебімен басым түсті. Жетінші ойында өз алаңында Солтүстік Македонияға 1:4 есебімен есе жіберді.



Соңғы жаңалықтар