Футбол: Қазақстан құрамасының жолдастық кездесу ойындары өткізілмейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасының наурыз айының соңғы күндеріне жоспарланған екі жолдастық кездесуі өткізілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан фтбол федерациясына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде федерация президенті Әділбек Жақсыбеков мәлім етті. Бұл шешім COVID-19 коронавирусы таралу қаупінің алдын алуға бағытталған.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы 27 және 30 наурызда Армения және Литва құрамаларымен жолдастық кездесу өткізу тиіс болатын.

Бұдан бұрын футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты келесі жылға ауыстырылды


Соңғы жаңалықтар