Футбол: Қазақстан құрамасы Черногориямен кездеседі

None
None
НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы Черногорияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайдыҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Черногория футбол одағының ресми сайты жазған. Жолдастық кездесу 11 қарашада Подгорицада өтеді деп жоспарланып отыр. Осыған дейін Қазақстан мен Черногория үш рет кездескен. Оның біреуі жолдастық кездесу болса, екі рет әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бір-біріне қарсы ойнады. 2008 жылдың 27 мамырында Подгорицада 3:0 есебімен Черногрия құрамасы Қазақстаннан мықты болған. Сондай-ақ 2016 жылы 8 қазанында Подгорицада өткен ойында Черногория 5:0 есебімен екінші рет ұтты. Ал үшінші рет 2017 жылдың 1 қыркүйегінде 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын.

Айта кетерлігі, Ұлттар лигасы қыркүйек айында басталуы тиіс. Аталған додада Қазақстан С дивизионында Албания, Белорусия және Литвамен ойнайды.
Соңғы жаңалықтар