Футбол: Қазақстан кубогы финалына шыққан екінші команда анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогы финалына шыққан екінші команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын финалға Қызылорданың «Қайсар» командасы жолдама алғанын хабарлаған едік. Аталмыш команда бүгін өз алаңында Қостанайдың «Тобылын» 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Атыраудағы жергілікті «Атырау» мен «Ордабасы» арасындағы кездесуде есеп ашылған жоқ. Екі команда бір-бірінің қақпасы маңында шабуыл ұйымдастырды. Дегенмен екеуі де көздеген мақсатына жете алған жоқ. Екі команда арасындағы жартылай финалдың алғашқы кездесуінде 1:1 есебі тіркелген еді. Нәтижесінде қос ойынның нәтижесімен «Атырау» командасы финалға жолдама алды.

Биыл Қазақстан кубогында «Атырау» да сәтті ойнап келеді. Атыраулық клуб 1/8 финалда Талдықорғанның «Жетісу» клубын 1:0 есебімен қапы қалдырды. Одан кейін ширек финалда Семейдің «Алтайымен» негізгі кезеңде 1:1 есебімен тең ойнап, пенальти тебуде атыраулық команда мергендік танытты. Одан кейін Биыл Қазақстан кубогында «Атырау» да сәтті ойнап келеді. Атыраулық клуб 1/8 финалда Талдықорғанның «Жетісу» клубын 1:0 есебімен қапы қалдырды. Одан кейін ширек финалда Семейдің «Алтайымен» негізгі кезеңде 1:1 есебімен тең ойнап, пенальти тебуде атыраулық команда мергендік танытты. Енді «Ордабасы» командасын да орта жолда қалдырып отыр.

«Атырау» 2009 жылы кубок иегері атанды. Сол жолы Қарағандының «Шахтерін» 1:0 есебімен жеңген болатын. Соңғы екі жылда финалға дейін жетті. Сондай-ақ, 2001, 2004 және 2005 жылдарда жартылай финалға шыға алды.

Соңғы жаңалықтар