+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Футбол: «Қайрат» Ресейдің «Рубин» клубынан басым түсті

2020 жылғы 19 ақпан 22:04
Бөлісіңіз:
Футбол: «Қайрат» Ресейдің «Рубин» клубынан басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында Ресейдің «Рубин» (Қазан) командасынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан суперкубогы қай командаға бұйырады Чемпиондар лигасы: «Реал» өз алаңында жеңіліп қалды Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» «Брюгге»-мен тең түсті

Ойын Түркияның Белек қаласында өтті. Алматылық футболшылар бірінші кезеңде үш гол соқты. Алдымен 14-минутта Абат Айымбетов мергендік танытса, сербиялық қорғаушы Раде Дугалич 16, польшалық жартылай қорғаушы Конрад Вжесиньски 36-минутта есепті үстемелей түсті.

Оған «Рубин» ойыншылары екінші кезеңде екі голмен жауап қайырды. Олардың қатарынан 75-минутта грузин жартылай қорғаушысы Зурико Давиташвили пенальтиден гол соқса, 89-минутта даниялық жартылай қорғаушы Оливер Абильдгор есеп айырмаын қысқартты. Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.

«Рубин» 2008, 2009 жылдарда Ресей чемпионы атанған. Сондай-ақ, 2003, 2010 жылдарда қола жүлдегер атанды. Қазір олар өз елінің Премьер-лигасында қысқы үзілісте 16 команда арасында 13 орында тұр.

Бұдан бұрын «Қайрат» командасы қатарына қырғызстандық футболшы қосылған еді.



Фото: fckairat.com

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT