Футбол: Испания - Қазақстан жастар құрамаларының ойыны тікелей эфирден көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - EВРО-2021 матч ойындарының Испания U-21 - Қазақстан U-21 кездесуі тікелей эфирден көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 қазанда Қазақстан құрамасы 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы тоғызыншы ойынын өткізеді.

Жерлестеріміз Алькоркондағы «Санто Доминго» стадионында қонақта ойнайды. Алғашқы ойында Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен ұтылған болатын.

Кездесу 13 қазанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:40-та басталады. Ойынды «QAZSPORT» арнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы 10 ұпаймен төртінші орында тұр.


Соңғы жаңалықтар