+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Футбол: «Атырау» мен «Ақтөбе» Премьер-лигаға қайта оралды

2020 жылғы 25 қазан 23:09
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лигада жеңімпаз атанған «Атырау» мен «Ақтөбе» командалары Премьер-лигаға бір жылдық үзілістен кейін қайта оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттар лигасы: Қазақстан мен Литва тең түсіп жатыр Футбол: Қазақстан жастары соңғы ойында жеңіліп қалды 18 жастағы қазақстандық футболшы Түркия клубындағы алғашқы кездесуін өткізді

Бүгін бірінші лигада 12-тур ойындары өтті. Аталған турда бірінші конференцияда «Ақтөбе» «Екібастұздан» 1:0 есебімен басым түсті. Ал екінші конференцияда «Атырау» «Шахтер-Болатты» 3:2 есебімен жеңді.

Нәтижесінде қос команда да екінші орында келе жатқан қарсыластарынан 7 ұпайға ұзап кетті. Екі тур бұрын Премьер-лигаға қайта оралды.

Командалар 2019 жылы Премьер-лигада соңғы екі орынды місе тұтып, бірінші лигаға түсіп қалған еді.

«Ақтөбе» Премьер-лигада бес мәрте чемпион атанса, үш-үштен мәрте күміс және қола жүлдегер болды. Ал «Атырау» қол мәрте күміс жүлдеге қол созды.

Айта кетерлігі, Премьер-лигада 26 және 27 қазан күндері 15-тур ойындары өткізіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT