+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Футбол: «Астана» маусымдағы соңғы матчын Белградта өткізеді

2019 жылғы 6 желтоқсан 17:07
Бөлісіңіз:
Футбол: «Астана» маусымдағы соңғы матчын Белградта өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» биылғы маусымдағы соңғы ойынын өткізу үшін Белградқа сапар шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» футбол клубынан мәлім еткеніндей, елордалықтар Сербия астанасында алдымен қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Украиналық маман Роман Григорчуктың шәкірттері мына құрамда аттанды: қақпашылар - Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов, Владислав Саенко; қорғаушылар - Дмитрий Шомко, Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Сағи Совет; жартылай қорғаушылар – Дидар Жалмұқан, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Дорин Ротариу, Рунар Сигурьонссон, Жасұлан Қайыркенов, Мәди Жақыпбаев; шабуылшылар - Рангело Янга, Роман Муртазаев, Сергей Хижниченко, Владислав Прокопенко.

Ал бұл сапардан тыс қалған Марин Томасов, Лука Шимунович, Жарко Томашевич және Фирмин Мубеле қалпына келуі үшін жеке бағдарлама бойынша жаттығуда.

«Партизан» - «Астана» матчы желтоқсанның 12-сінен 13-іне қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен 02.00-де басталады. Оны тікелей эфирде Qazsport арнасы көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Астана» «Манчестер Юнайтедті» ұтып, алғашқы үш ұпайға ие болған еді.

L тобында «Манчестер Юнайтед» 10 және голландиялық «АЗ Алкмаар» клубы 9 ұпай жинап, плей-офф бәсекесіне жолдама алу мәселесін шешіп қойса, үшінші орындағы «Партизанда» 5 ұпай бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT