Футбол: «Астана» халықаралық турнирге қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» келесі жылы ақпан айында футболдан Португалияда өтетін халықаралық «Atlantic Cup» жолдастық турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат команда сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш турнирге «Астана» командасының негізгі құрамы қатысады деп жоспарланып отыр. Елордалық клубтан бөлек оған Данияның «Копенгаген», «Орхус», «Брондбю», Швецияның «Норчеппинг» және «Хаккен» командалары келетіні белгілі болып отыр.

Халықаралық турнир 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін тоғыз команда жеңімпаз атанып үлгерді. Олардың қатарында Данияның «Мидтьюлланн», «Копенгаген», «Орхус», Ресейдің «Зенит», «Динамо» (Мәскеу), Австрияның «Рапид Виен», «Ред Булл Зальцбург», Швецияның «Эльфсборг», Хорватияның «Риека» командалары алтыннан алқа тақты.

Соңғы жаңалықтар