Француз өнертапқышы қолдан жасалған құрылғыдан құлап, жарақат алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Француз өнертапқышы Фрэнки Запата көрме кезінде қолдан жасалған реактивті ранцты басқара алмай, Бискаррос көліне 15 метрден құлап жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC сілтеме жасап.



Ресми ақпарат көздері 40 жастағы ер азаматтың ауруханаға жеткізілгенін және оның денсаулығы жақсы екенін хабарлады.

Flyboard деп аталатын құрылғы төрт микротурбинамен жұмыс істейтін және сағатына 140 км жылдамдыққа жетуге қабілетті серфинг тақтасының бір түрі.

Су шаңғысы спортының бұрынғы чемпионы 2019 жылы Париждегі Бастилияны алу күніндегі әскери шеруде және Ла-Манш бұғазында небәрі 22 минутта 35,4 км қашықтықта ұшып өткеннен кейін танымал болды.


Соңғы жаңалықтар