Француз киносының жұлдызы Жан-Луи Трентиньян дүниеден өтті
14:56, 18 Маусым 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Француздың ең танымал және көрнекті актерлерінің бірі Жан-Луи Трентиньян 91 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы журналистерге оның жесірі хабарлады.
Трентиньян «Алтын пальма бұтағы» мен «Оскар» алған танымал фильмдерге түскен. Атап айтсақ, «Үш түс: Қызыл», «Дзета», «Конформист» және «Махаббат» сияқты кинофильмдерде ойнаған.
Трентиньян 1930 жылы 11 желтоқсанда дүниеге келген.
Қатерлі дертке шалдыққан Трентиньян көпшілік алдына соңғы рет 2019 жылы Канн кинофестивалінде шыққан болатын.