Француз әншісі Барбара Велденсті сахнада тоқ соғып, ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сахнада өнер көрсетіп жатқан француз әншісі және композиторы Барбара Велденсті электр тоғы соғып, қаза тапты. 

Бұл туралы AFP хабарлады.

Қайғылы жағдай бейсенбіде, түнде Францияның оңтүстік-батысындағы Гурдон коммуна соборында өтіп жатқан музыкалық фестиваль кезінде болған. Оқиға орнына келген дәрігерлер 35 жастағы әншінің  жүрегі тоқ соққан сәтте тоқтағандығын айтты.

Жергілікті прокуратура осы факті бойынша тергеу жұмыстарын бастады.

Барбара Велденс 2016 жылы Жак Брель атындағы фестивальде жас таланттар байқауында жеңіске жеткен еді. Ол өзінің алғашқы студиялық альбомын 2017 жылдың 3 ақпан күні шығарды. 

Соңғы жаңалықтар