Францияның денсаулық сақтау министрі: Коронавирус пандемияға айналып кетуі мүмкін

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Франция денсаулық сақтау министрі Оливье Веран сейсенбі күні Қытайдағы коронавирус індетінің бүкіл әлемге таралу «қаупі» туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

«Бұл жұмыс барысындағы болжамым, сондай-ақ іс жүзінде де қауіп бар», - деді Веран France Info радиостансасының эфирінде.

Ол Францияның барлық мүмкіндіктерді пайдалануға дайын екенін, ал денсаулық сақтау жүйесінің айтарлықтай сенімді және жақсы жабдықталғанын атап өтті.

Министр виурс жұқтырған төрт науқастың Франция ауруханасында жатқанын атап өтті.

80 жастағы қытайлық турист Францияда өткен аптада коронавирустан қайтыс болды. Бұл Еуропадағы алғашқы жағдай болды. Қытайда қайтыс болғандар саны 1 868 адамға өсті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, пандемия – әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы.

Дүйсенбі күні ДДСҰ төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламалардың атқарушы директоры Майкл Райан коронавирусты пандемияға жатқыза ма деген сұраққа былай деп жауап берді: «Вирустың Қытай аумағынан тыс беріліп жатқанын байқап тұрмыз ба деген сұраққа жауап беруіміз керек. Қазіргі уақытта мұндай жағдай болып жатқан жоқ».


Авторы Тимур Дүйсекеев


Соңғы жаңалықтар