+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози сот алдында жауап берді

2020 жылғы 24 қараша 07:52
Бөлісіңіз:
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози сот алдында жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жемқорлық және тергеуге заңсыз қысым көрсетті деп айыпталған Францияның экс-президенті Николя Саркозиге қатысты Парижде тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

2007-2012 жылдары елді басқарған 65 жастағы Саркози 10 жылға бас бостандығынан айырылып, 1 млн еуро көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Істің материалдары бойынша, Николя Саркози 2014 жылы адвокаты арқылы экс-президентке қатысты басталған кассациялық сотта тергеу мәліметтерін алу үшін прокурор Жильбер Азиберді сатып алмақ болды деп айыпталып отыр.

Болжам бойынша, 2007 жылы Саркозидің сайлауалды кампаниясын L'Oreal компаниясының мұрагері, миллиардер Лилиан Беттанкур заңсыз қаржыландырған.

2013 жылы Саркози бұл күдік бойынша ақталып шықты. Бірақ Әділет министрлігі оның қорғаушысымен сөйлескен әңгімесін жазып, сол келіссөздер экс-президентке қарсы басқа істің ашылуына себеп болды. Саркози тағылған кінәні жоққа шығарып отыр.

Бұл оқиға – соғыстан кейінгі Франция тарихында бұрынғы мемлекет басшысының сот алдында алғаш рет жауап беруі. 2011 жылы Францияның экс-президенті Жак Ширак өкілеттілігін асыра пайдаланды және қоғамдық қорлардағы ақшаны тиімсіз жаратты деген айыппен шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бірақ ол денсаулығына байланысты бірде-бір сот отырысына қатысқан жоқ. 2019 жылы Ширак 86 жасында қайтыс болды.

Фото/ dw.com

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT