Францияда тоғызқұмалақтан Еуропа кубогы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21-23 ақпан аралығында Францияның Канн қаласында ұлы ақын Абай 175 жылдығын мерекелеу аясында, The Oware Society ұйымы мен Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан ашық Еуропа кубогы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мәліметінше, жарысқа Ұлыбритания, Италия, Антигуа мен Барбуда, Чехия, Гана, Нигерия, Қырғызстан және Қазақстан елдерінен үздік спортшылар қатысты.

Нәтижесінде, ерлер арасында (рапид):

1 орын - А. Қайдаров (Қазақстан);

2 орын - M. Dulatbekov (Қырғызстан);

3 орын - S. Bonti-Asamoah (Ұлыбритания);

3 орын - M. De Leo (Италия) иеленді.

Әйелдер арасында (рапид):

1 орын - Қ. Есіркеп (Қазақстан);

2 орын - А. Shambetova (Қырғызстан);

3 орын - H. Kotinova (Чехия);

3 орын - N. Sultanmuratova (Қырғызстан) бұйырды.

Ерлер арасында (блиц):

1 орын - А. Қайдаров (Қазақстан);

2 орын - M. Dulatbekov (Қырғызстан);

3 орын - S. Bonti-Asamoah (Ұлыбритания);

3 орын - M. De Leo (Италия) иеленді.

Әйелдер арасында (блиц):

1 орын - Қ. Есіркеп (Қазақстан);

2 орын - А. Shambetova (Қырғызстан);

3 орын - H. Kotinova (Чехия);

3 орын - A. De Fazio (Италия) алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен жарыстың бас демеушісі «The One Hotel Astana» қонақ үйінің сыйлықтарымен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар