Францияда парламент сайлауы өтті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солшыл күштердің «Жаңа халықтық экологиялық және әлеуметтік одақ» коалициясы (NUPES) жексенбіде Франциядағы парламент сайлауының бірінші турында көп дауыс жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.

Солшыл партияның жетекшісі Жан-Люк Меланшонның бастамасымен құрылған NUPЕS коалициясының өкілдері алдын ала ақпарат бойынша 26,2% дауысқа ие болған.

«Ренессанс» президенттік қозғалысы жетекшілік ететін «Бірге!» билеуші ​​коалициясының кандидаттары 25,8% дауыс жинады.

Соған қарамастан Франция еліндегі мажоритарлық сайлау жүйесінің ерекшелігіне байланысты басқарушы коалиция парламенттегі орынның басым бөлігін сақтап қалады.


Соңғы жаңалықтар