Францияда коронавирустың бесінші толқыны басталды, Кипр антиваксерлерді жазаламақ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Франция билігі коронавирустың бесінші толқыны «қарқынды» басталғанын мәлімдеді.

Министрлер кабинетінің төрағасы Габриэль Атталдың айтуынша, бір апта ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары 80% өсті.

Күн сайын орташа есеппен 17 мың Covid-19 жаңа жағдай тіркеледі.

Инфекция жұқтырудың аптаның басында 100 мың адамға 100 жағдай тура келсе, қазіргі уақытта 100 мың тұрғынға шаққанда 164 жағдай тіркелді.

Италияның фармацевтикалық реттеуші мекемесінің басшысы ел халқының вакцинаның үшінші дозасын қабылдауын жақтады.

Никола Магрини хабарлағандай, билік вакцинаның толық циклін алған мерзім мен үдеткіш дозасын қабылдау уақытын бес айға дейін қысқартуды қарастыруда.

Қазіргі уақытта вакцинаның үшінші дозасын денсаулығы нашар адамдар және 60 жастан асқан тұрғындар ала алады.

Кипр президенті антиваксерлерге қатысты қатаң шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.

Никос Анастасиадис тұрғындардың иммундау курсын аяқтау үшін немесе вакцинаның бірінші компонентін қабылдау үшін екі-үш апталық кезең берілетінін атап өтті.

Өз сөзінде президент «Бұл мүмкіндіктен кейін, әрине, шаралар күшейтіледі»- деп хабарлады.


Соңғы жаңалықтар