Францияда дауыл салдарынан 110 мыңнан астам үй жарықсыз қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Францияның оңтүстік батысында болған қатты жел мен нөсер салдарынан 113 мыңға жуық үй электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Le Parisien газетіне сілтеме беріп.

13 желтоқсан түнде дауыл күшейіп, Дордонь, Ланд, Ло және Гаронна, Па-де-Калле және басқа аймақтардағы 400 мың үй электр энергиясыз қалды. Дегенмен таңға жуық олардың саны азайды. Коммуналдық қызмет қолайсыздықтарды жояуға тырысып, электр энергиясын беруді ретке келтіріп жатыр.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, дауыл мен қатты нөсер Францияның батысына қарай жылжып барады. Мұндай ауа райы ертең, 14 желтоқсан күні таңға дейін сақталады. Мемлекеттің көп аумағында желдің күші сағатына 80-90 км дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар