Францияда білгісіз біреу адамдарға пышақпен шабуылдап, 2 адамды мерт қылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Францияның оңтүстік-шығысындағы Роман-сюр-Изер қаласында болған шабуылдан екі адам қаза тауып, бес адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Қала мэрінің айтуынша, ер адам пышақпен шабуыл жасаған сәтте азаматтардың барлығы дүкеннің кіреберісінде кезекте тұрған. Жараланғандардың бірінің жағдайы ауыр.

Полиция күдіктіні ұстады, француз басылымдарының сипаттауынша, ол 33 жастағы судандық азамат.

France Bleu сайтының дерегінше, бұл адам полицияға немесе барлау қызметіне таныс емес еді.

Қылмыстың себебі әзіргі белгісіз, бірақ оқиға орнын көріп келген елдің Ішкі істер министрі Кристоф Кастанер «Бүгін бір адам террористік жолға түсті», деп мәлімдеді.

Күдіктінің сыбайластары бар-жоғын ұлттық контртеррористік прокуратура анықтайды, деп толықтырды министр.

Францияда коронавирус эпидемиясына байланысты карантин жарияланды. Адамдар үйден тек азық-түлік пен дәрі-дәрмек алуға немесе таза ауа жұтуға ғана шыға алады.


Соңғы жаңалықтар