Франция өкілі Қазақстандағы діни сенім бостандығын жоғары бағалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда Франциямен діни бірлестіктердің құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы тәжірибе алмасу сұрақтары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канеспен кездесті.

Кездесу барысында Е.Нүкежанов Қазақстанның конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, адамдардың ар-ождан бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және барлық заңды әрекет ететін діни бірлестіктермен сындарлы ынтымақтастық орнату бойынша атқарылған жұмыспен таныстырып өтті.

Бұдан басқа, діни сенім бостандығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ діни бірлестіктердің құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Д.Канес Қазақстандағы діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы оң динамиканы жоғары бағалады.

Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта тығыз және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ниет білдірді.


Соңғы жаңалықтар