Франция мен Швейцария арасын жалғайтын метро салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Женевада 15 желтоқсанда Lemans Express жеңіл метросы іске қосылады. Бұл метро Швейцария мен Франция қалалары арасын жалғайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Neue Zurcher Zeitung басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Lemans Express жүйесі екі елдің аумағындағы 45 стансаны қамтиды, оның жалпы қашықтығы 230 шақырым. Осы бағытта Женевадан әрбір он минутта жолға шығатын 45 пойыз тартылды. Жобаның құны – 1,5 млрд еуро.

Жаңа көлік жүйесі жолдағы автомобильдер санын 12%-ға қысқартып, күн сайын 650 мың автокөлік кесіп өтетін Франция-Швейцария шекарасындағы кептелісті азайтуға мүмкіндік береді деп жоспарлануда.

Францияда баспана құны арзанырақ, ал Швейцарияда жалақы жоғары болғандықтан көптеген адамдар бір мемлекетте жұмыс істеп, келесі елде тұрып жатыр.

Соңғы жаңалықтар