+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Франция мен Германияда жас-кәрісіне қарамастан бүкіл халыққа вакцина салынады

2021 жылғы 7 мамыр 18:01
Бөлісіңіз:
Франция мен Германияда жас-кәрісіне қарамастан бүкіл халыққа вакцина салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда вакцина алғандар арасында 100 мың теңгенің сертификаты ойнатылды Ұжымдық иммунитет қалыптастыру маңызды болып тұр - Манар Смағұл Белгілі саясаттанушы қазақстандықтарды вакцина алуға шақырды

Франция вакциналау саясатын ресми түрде өзгертті.

12 мамырдан бастап егу орталықтары препарат дозасы болған жағдайда барлық азаматтарды жас ерекшелігіне қарамастан COVID-19 вирусына қарсы вакциналауды бастайды.

Бұл туралы президент Эммануэль Макрон хабарлады.

Германияда британ-швед компаниясының AstraZeneca препаратымен вакциналауға енді жас санаты мен мамандығына қарамастан барлық ересек азаматтар жазыла алады.

Бұған дейін неміс сарапшылары AstraZeneca екпесін 60 жастан асқан адамдарға қолдануды ұсынған болатын.

Австрия канцлері Себастьян Курц Еуропада бірыңғай санитариялық паспорт енгізу мәселесі бойынша тез арада шешім қабылдау қажеттігін атап өтті.

Ол сондай-ақ Еуропалық дәрілік заттар агенттігін ресейлік «Спутник V» вакцинасын тіркеу мәселесі бойынша шешім қабылдау процесін жеделдетуге шақырды.

«Австралия шекарасы шетелдік азаматтар үшін 2022 жылдың ортасынан ерте ашылмауы мүмкін» деді Сауда және инвестициялар министрі Дэн Техан.

Коронавирус инфекциясын жұқтыру Бразилияда да жоғары қарқынмен жалғасуда.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте 73 380 жаңа жағдайдың анықталғанын хабарлады.

Жапония билігі ел астанасы мен үш префектурада төтенше жағдайды 31 мамырға дейін ұзартуға ниетті.

Коронавирус шектеулері Токио, Осака, Киото және Хегода жүзеге асырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT