Forbes 2016 жылдың ең көп тамашаланған музыкалық клиптерін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes сарапшылары 2016 жылы YouTube-тағы музыкалық клиптердің ең көп көрілетін ондығын әзірлеп, жария етті. Бірінші орынды Work from Home клипімен бес әнші қыздан құралған Fifth Harmony американдық тобы иеленген.

Олардың ролигін YouTube-та миллиардтан астам қолданушы қараған.



Екінші орында - Келвин Харрис мен әнші Рианнаның This Is What You Came For клипі тұр. Үшінші орынды Ники Джем Hasta El Amanecer ролигімен еншіледі.

 

Рейтингте басқа орындарды американдық The Chainsmokers диджей-дуэті Closer әнімен, Рианна мен рэперші Дрейктің Work клипі, Майк Познердің I Took A Pill In Ibiza әні, Sia мен ямайкалық Шон Полдың Cheap Thrills клипі иемденген. 

 

Соңғы жаңалықтар