Флорида жағалауында батып бара жатқан кемеден 24 адам құтқарылды

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Круиз лайнерінің командасы Флорида штатының оңтүстік-шығыс жағалауынан шамамен 60 шақырым жерде Атлант мұхитында батып бара жатқан шағын кемеден 24 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АВС телеарнасына сілтеме жасап.

Кеменің қандай себептермен суға бата бастағаны туралы айтылмай отыр. 24 адам Carnival Cruise Lines круиз лайнерінің бортында болған. Кейін оларды АҚШ жағалау күзеті кемесіне алып кетті.

Наурызда АҚШ билігі коронавирустың таралуына байланысты круиздік кемелердің жұмысына және оларға жолаушыларды отырғызуға тыйым салған еді. Carnival Cruise Lines лайнерінің бортында тек команда мүшелері ғана болған.


Соңғы жаңалықтар