Фируза Шәріпова келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні мәлім болды

None
None
⠀НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова ресейлік боксшы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Софья Очигавамен кездеседі. Жекпе-жек биылғы сәуір айында Қазанда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 жастағы Ф.Шәріпова профидегі 12-інші жеңісіне былтырғы қазан айында жеткен болатын. Ол сербиялық Сара Марьяновичпен (7-7, 3 КО) өткен айқасты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Шәріпованың еншісінде бір ғана жеңіліс бар. Ол 2016 жылы Софья Очигаваға есе жебірген еді. Айта кетсек, бұл – қос бұрымды үшін де дебюдтік айқас болатын.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында жазылғандай, әлемнің екі дүркін чемпионы және Еуропа чемпионаттарының үш дүркін жеңімпазы С.Очигава кәсіпқой рингте 4 рет жеңіске жеткен болатын. Ресейлік қыз бұған дейінгі кездесуін өткен жылдың желтоқсанында өткізді. Ол отандасы Юлия Куценкодан үстем болып, жеңіл салмақтағы WBC Silver белдігін жеңіп алды.

«Очигава мен Шәріпова жекпе-жекті Қазанда сәуір айында өткізеді. 3 және 10 сәуір даталары қарастырылуда. Сондай-ақ бұл айқас титулды блолуы үшін келіссөздер жүргізілуде», - деп мәлім еткен Шәріпова мен Очигаваның менеджері Сергей Завилевский РИА Жаңалықтар агенттігіне.

Айта кетсек, олар реваншты жазда өткізуі мүмкін еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты кездесу бірнеше рет кейінге қалдырылды.


Соңғы жаңалықтар