Филиппинде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, төрт адам мерт болды

None
None
БАНГКОК. ҚазАқпарат – Филиппиннің оңтүстігіндегі Басилан провинциясында әскери тікұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABS-CBN медиатобына сілтеме жасап.

Олардың хабарлауынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, тікұшақ апатқа ұшырамас бұрын оқиға болған ауданда қатты жел тұрып, артынша нөсер жауын жауған. Оқиға орнынан төрт адамның мәйіті табылды.

Тікұшақ азаматтарды эвакуациялау үшін Замбоанга қаласынан Холоға бағыт алған.


Соңғы жаңалықтар