Филиппин әскери-әуе күштерінің тікұшағы апатқа ұшырады

None
None
БЕЙЖІҢ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Филиппин әскери-әуе күштерінің S-70i Black Hawk тікұшағы бейсенбіге қараған түні Маниланың солтүстігінде апатқа ұшырады. Экипаждың үш мүшесі және бортта болған тағы үш әскери мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта апат орнынан бортта болған алты адамның ешқайсысы тірі табылмады», - деп мәлім етті Филлипиндердің әскери-әуе күштері.

Тікұшақ түнгі жаттықтыру ұшуы кезінде Тарлак провинциясындағы Капас қаласындағы әуе базасынан бірнеше миляда құлаған. Тікұшақты іздестіру шаралары оның базаға қайтып келмегені анықталғаннан кейін басталды.


Соңғы жаңалықтар