«Фенербахче» клубы жанынан Қазақстан футбол академиясын ашу жобасы талқыланды
Тараптар Fenerbahce спорт клубы жанынан Қазақстан футбол академиясын ашу жобасын талқылап,бірлескен іс-шаралар жоспарын пысықтады.
Футбол академиясының өкілдері аталған жобаның басты мақсаты – Қазақстанның талантты жастарының кәсіби шеберлігін арттырып, әлемдік футбол командаларына тарту. Дарынды жастарды Еуропа мемлекеттері мен Түркияға шақыру мүмкіндігі қарастырылған. Қазақстан балалары Түркияның жазғы спорт лагерлеріне барып, ұмытылмас әсер ала алады. Сапар барысында спорттық жаттығуларға, футболшылармен танысуға және Fenerbahce стадионында өткізілетін спорттық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік жасалады. Жас спортшылардың жаттығу сабақтары ағылшын тілінде жүргізілетін болады.
Түркияның танымал футболшысы Месут Озилдің қолтаңбасы қойылған клуб жейдесі «Отандастар қоры» мен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығына» сыйға тартылды.