+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Фариза Оңғарсынованың ұлы: Анамның музейін ашуды армандаймын

2019 жылғы 15 қараша 18:18
Бөлісіңіз:
Фариза Оңғарсынованың ұлы: Анамның музейін ашуды армандаймын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың қайта басылып шыққан «Шілде» және «Полдневный Жар» кітаптары таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кітапты орыс тіліне ақын, әдебиеттанушы, аудармашы Татьяна Фроловская аударған.

«Анам туындыларын тек қазақ тілінде жазды. Елордаға алғаш рет көшіп келген ақындардың бірі болды. Қайтыс болғанша қалалық ономастикалық комиссия құрамында болды. Шығармаларын орыс тіліне аударуды қасында жүрген Татьяна Фроловскаяға сеніп тапсырды. Ана тілінен өзге тілге аударғанда, өлеңнің жаны жоғалып кетуі мүмкін ғой. Сондықтан, анам аудармаға жауапкерішлікпен қарады. Татьяна Фроловская екеуі 6 жыл еңбектенді. Өкініштісі, анаммен қатар жүрген, бірге жүрген Т. Фроловская өткен аптада дүние салды», - деді ақынның ұлы Алмас Оңғарсынов кітаптың тұсаукесерінде.

Оның айтуынша, «Шілде» және «Полдневный жар» кітаптары 5 мың данадан қайта басылып шықты. Кітаптар республика аумақтарына, мектептерге, кітапханаларға таратылады.

«Анамыздың еңбегін ұмыттырмайық деп, жыл сайын шаралар ұйымдастырамыз. Анам ашқан «Тұмар» журналы екі айда бір рет шығып тұрады. Ең маңыздысы – біздің балалары ретінде естелікке не қалдырамыз деген ой қалдырады. Көкейімде жүрген арман – Нұр-Сұлтан қаласында анамның музейін ашу. Бұл жұмысты екі жыл бұрын бастап кеттім. Оның ішін қалай толтырамыз деген ой туындайды. Анамның шығармашылық кештерінде киген киімдерін, қолжазбаларын, пайдаланған бұйымдарын, қаламдарын, машинкасын, домбырасы мен төсек-орнына дейін сақтап қойдым. Дінмұхаммед Қонаевтың музейінен бастап, Әзербайжанға, Ресейге барып, белгілі адамдардың музейі қандай болуы керек деп ойландым. Жағдайым, шамам келсе, осы мұражайды ашамыз деген ойдамын», - деді Алмас Оңғарсынов.

Айта кетейік, биыл Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толады. Бүгін елордада ЭКСПО маңындағы көшелердің біріне Фариза Оңғарсынова есімі берілді.

Сондай-ақ, кешкі 19:00-де Жастар театры сахнасында «Фариза» спектаклі қойылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT