+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Facebooк-те діни араздықты насихаттаған азамат жауапқа тартылды

2020 жылғы 20 ақпан 06:40
Бөлісіңіз:
Facebooк-те діни араздықты насихаттаған азамат жауапқа тартылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда Facebooк-тегі жеке парақшасында діни араздықты қоздыратын ақпараттар жариялаған азамат жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 453-бабы 2-бөлігі бойынша іс қаралды.

«Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылғы 12 желтоқсанда Атырау облыстың Дін істері басқармасының мамандары әлеуметтік желіде мониторинг жүргізген. Мониторингтің нәтижесінде құқық бұзушы А. Facebooк-тегі жеке парақшасында дiни араздықты қоздыруды насихаттауға бағытталған материалдарды салғаны және таратқаны анықталды. Дінтану сараптамасының қорытындысына сәйкес, құқық бұзушы А. Facebooк-парақшасында жүктеген материалдар экстремизмді насихаттайтыны дәлелденді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Сот құқық бұзушыны кінәлі деп танып, 53 020 теңге айыппұл салу түрінде жаза қолданды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT