«Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени орталығы тақырыптық көрмелер ұйымдастырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени орталығында «Тәуелсіздік-тұғырым, Қазақ хандығы - ғұмырым» атты мәдени-көпшілік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null
«Іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына және Қазақ хандығының 551 жылдығы мен қазақ халқының тарихына, өткеніне, дәстүріне, мәдениетіне және мұрасына құрметпен қарауға бағытталған. Мақсат- өңіріміздің мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау, еліміздің  тарихын  таныту», - дейді ҚР  МСМ «Ежелгі Тараз  ескерткіштері» ТМҚМ бөлім  басшысы Алмас Мұтаров.

Аталған іс-шара аясында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени  қорық-музейі, «Ежелгі Тараз қазыналары», «Ұлы Дала мұралары» атты көрмелер ұйымдастырылды. Көрмеге 2011-2015 жылдарғы археологиялық қазба-жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер, керамикалық ыдыстар, көне тиындар, фотостендттер қойылды.Көрмені облыс әкімінің орынбасары Қ.Манжуов пен қорық-музей директоры  Т.Молдақынов  ашты.
null  

Сонымен қатар «Ежелгі Тараз» кешенінде қорық-музей ұжымы, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен бірлесе отырып, мерекенің салтанатты ашылуында домбыра оркестрлерінің 110 домбырашының қатысуымен Құрманғазы күйлерін орындаудан «Күй шеруі» музыкалық флешмобы ұйымдастырылады. «Ғажайыптар алаңында» облыстық орыс және қазақ драма театрларының артистері фейс-арт ұйымдастырып, ертегі  кейіпкерлері  ертегі  әлеміне  саяхат  жасады.
null  

Қала тұрғындарының назарына облыс архивтері қорынан жасақталатын «Мұрағат - тарихи қазына» жәдігерлер көрмесі ұсынылды. Көрмеден Тәуелсіздік пен Қазақ хандығы туралы құжаттардың көшірмелері, фотоальбомдар  мен  тарихи  кітаптар  қойылды.

Келушілер арасында «Ән-көңілдің ажары» караоке - ән айту сайысы өткізілді. Сонымен қатар, қала қонақтары мен тұрғындарына «Ақындар ауылында»  айтысты  та  ұйымдастырылды.
null  

Ашық аспан астындағы «Кино әлемі» алаңында Қазақфильмнің «Алтын қорынан» үздік деректі, көркем фильмдер көрсетіліп, Елбасы Н.Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы түсірілген қазіргі киноматографтардың туындылары көрермендерге ұсынылды. «Ұлы дала ойындары» алаңда қазақтың ұлттық ойындары асық ату, қазақша күрес ұйымдастырды.

Көне Тараз кешенінің алдында облыстық филармония әртістері келушілерге мерекелік концерттік бағдарламасын  ұсынды.

Соңғы жаңалықтар