«Эйр Астана» Үндістанға тұрақты рейстерін қайта бастайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Эйр Астана» әуе компаниясы Үндістанға тұрақты рейстерін қайта бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2021 жылғы 16 желтоқсаннан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Алматы - Дели - Алматы бағыты бойынша Үндістанға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейстер орындауды бастайды.

«Рейстер А320 үлгісіндегі әуе кемесімен сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалатын болады. Рейстер әуе компанияның ресми сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалатынын атап өтеміз», - делінген министрлікті Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.



Соңғы жаңалықтар