«Эйр Астана» Алматы әуежайына қона алмай жүрген ұшаққа қатысты түсінік берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясы 1 сағаттан аса Алматы әуесінде қалықтап, қона алмай жүр ұшақ оқиғасына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Алматы әуесінде қона алмай жүрген ұшақ туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.

Ал «Эйр Астана» компаниясы ұшулар жаттығу мақсатында жүргізілгенін айтты.

Сонымен қатар, кей БАҚ беттерінде «Эйр Астана» әуе компаниясының 13:05-те Дели қаласына ұшып шыққаны жазылған.

Flightradar24 ресурсының ақпаратына сәйкес ұшақ қаланың үстінде бірнеше рет айналған.

Алайда бұл ақпаратты әуе компаниясы жоққа шығарды.


Соңғы жаңалықтар