Эйфель мұнарасы Бейруттағы жарылыс құрбандарын еске алу үшін түнде жарықтарын өшірді

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Париждің басты көркем орындарының бірі – Эйфель мұнарасы Ливан астанасы Бейруттағы жойқын жарылыс құрбандарын еске алу үшін түн ортасында жарығын сөндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат News18.com-ға сілтеме жасап.
Бейсенбі күні түнде Эйфель мұнарасы Бейруттағы жойқын жарылыстың 135 құрбанын еске алу үшін бір сағат жарықсыз тұрды. Мұнараның ресми сайтында мынадай хабарлама жарияланды: «Бейрут тұрғындары мен Ливан азаматтарына тілектестікпен түн ортасында жарығымды сөндіремін».
Reuters мәліметінше, жарылыс салдарынан жүзден астап адам қаза тапқан. Солардың арасында француз сәулетшісі Жан-Марк Бонфис те болған. Ал, жарақат алған 4 мың адамның ішінде Францияның 24 азаматы бар. Франция жарылыс кезінде зардап шеккендерге бірнеше жүз мың еуро бөліп, бірнеше ұшақпен гуманитарлық көмек жібереді. Бұдан бөлек, Франция президенті Эмманюэль Макрон Бейрутқа барады деп жоспарланып отыр.
Эйфель мұнарасынан бөлек, Дубайдағы Бурж-Халифа көп қабатты үйі де Ливан туының түсіне бөленіп, құрбандарды еске алды. Сондай-ақ, Ливан жалауы Мысырдағы Гиза пирамидаларында да пайда болды.
Еске сала кетейік, 4 тамызда Ливанның әскери-теңіз күштері (ӘТК) базасына жақын Бейрут порты аумағында жойқын жарылыс болды. Жарылыс салдарынан Қазақстанның СІМ Ливандағы Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зақым келген. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін кеңседен кетіп қалған. Консул жұмыста болғандықтан жарылыс толқыны кезінде жеңіл жарақат алды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесуі барысында Ливандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде өтініш білдірген еді.
5 тамыз күні жарылыстың неден шыққаны анықталды. Билік мәлімдемесіне сәйкес, аммоний нитратының үлкен партиясы (аммиак селитрасы деп те аталайды) портта ұзақ уақыт сақталып, қауіпсіздік талаптары сақталмаған.
Соңғы мәлімет бойынша Бейруттағы жарылыстан 137 адам қаза тапқан.
- Пәкістанның батысында сегіз адам жол апатынан мерт болды
- Италияда түнде Этна жанартауы оянды
- Германия мен Италияда карантин мерзімі ұзартылды
- Әлемдегі эпидахуал: Коронавирус тек Азияның оңтүстік-шығыс аймағында бәсеңдеген
-
Ыстанбұлды қар басып қалды
-
Ресейде таудағы шаңғы жолын қар көшкіні басып қалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам