EXPO мұрасы: Алматыда бірқатар экологиялық жобалар жасалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қоршаған ортаға экологиялық жүктемені  азайту үшін бірқатар жобалар жүзеге асады. Бұл туралы қала әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қоқыс сұрыптайтын жаңа кешеннің, газбен жүретін автобустар үшін салынып жатқан коммуналды парктің және электравтобустардың соңғы түрін шығаратын зауыт құрылыстарының жұмысын тексерді.

«Мегаполис басшысы EXPO-2017 мұрасы аясында жүргізіліп жатқан жобалар мен «Алматыны дамытудың 50 жобалары - драйверлері» қалалық бастамасының заманауи әрі маңызды екенін атап өтті. Өйткені олар соңғы инновациялық технологияларды тартып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құратып, сонымен қатар қаланың қоршаған ортасына түсетін экологиялық ауыртпалықты азайтады»,- делінген хабарламада.

«FalconEuroBus» Қазақстан мен Германияның біріккен компаниясы автопарктің және электравтобустардың жаңа түрін шығаратын зауыт салып жатыр. Қазіргі кезде жалпы алаңы 7 мың шаршы метр болатын көлікті жинау және бояу цехының, жабық тұрақ пен қойма бөлмелерінің құрылыстары аяқталып қалды. Алғашқы кезде өндірістен қала үлесіне 20% тисе, кейін оның мөлшері артады. Жобадағы жеке инвестиция көлемі 15 млрд теңгені құрайды.

null 

Сондай-ақ, қала әкімі жылдық қуаты 550 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін жаңа кешен құрылысымен танысты. Бүгінде қоқыс сұрыптайтын кешеннің шатыры жабылуда. Оған орнатылған италиялық жабдықтар жақын арада іске қосылып, жөндеу жұмыстары да аяқталады.

Әкімдік баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жоба жүзеге асқанда тұрмыстық қатты қалдықтар сұрыпталып, тасымалданады. Жұмыстың барлығы кешенді басқару жүйесі арқылы атқарылады, ал полигонға көмуге қауіптілігі төмен және тез ыдырайтын  биозаттар жіберіледі, кейін оларды да өңдеу қолға алынады. Құрылыс объектісі жеке инвестиция есебінен салынуда.

Газбен жұмыс істейтін 200 жолаушы автобусына қызмет көрсететін жаңа коммуналды автобус паркінің құрылысы кестеге сай жүруде. Негізгі нысан мен жанармай құю стансасының металлконстуркцияларын монтаждау жұмыстары аяқталды. Қойма мен көлік жуатын орындардың іргетасы құйылды. Ендігі кезекте «Green Bus Company» газбен жүретін жылжымалы құрамды алу мәселелерін талқылауда.

Соңғы жаңалықтар