Еxit poll қорытындысы партияларға бірқатар мәселені ашып көрсетіп берді - сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саясаттанушы Бауыржан Серікбаев сайлауға байланысты еxit poll нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшы ойын бірнеше бөлімге бөліп білдірген. Facebook парақшасында жазғандай , қазіргі жағдай төмендегідей:

1. Сайлауға бір ай қалғанда ребрендинг жасап, «Біз келсек бәрін өзгертеміз» деген уәдеге қоғам сене қоймайтынының көрсеткіші.

2. Саяси партия дегеніміз сайлауға бір ай қалғанда емес, тұрақты түрде халықпен жұмыс істеуі керектігінің нәтижесі.

3. Парламентке өте алмаған партиялар алдағы 5 жылдан кейін болатын сайлауға дәл қазір, бүгіннен, тіпті осы минуттан бастап дайындалуы қажеттігінің дәлелі.

4. Биікте отырған партия 2016 жылмен салыстырғанда (82%) 2021 жылы 10%-ке аз дауыс алды. Бұл да партияны ойландыруы тиіс.

5. Ең бастысы әр сайлауда елдегі бар 6 саяси партиялар бір саты көтеріліп, саяси тұрғыда өсе түсуі керек.

6. Сайлау әкелген жаңалықтардың бірі праймериз болса, екіншісі «Адал» атты партия саясат сахнасына шықты. Үшіншісі коммунистер өзгеріп, саяси тұрғыда басқа идеологиялық сипат алды.

7. Сайлау басталғалы бері «Ребрендинг өткізу, бір ай қалғанда белсену Қазақстан шарттарында қалай жұмыс істер екен» деп жүр едім. Нәтижесі төмендегідей. Ресми жауап шыққанша күтейік. Бірақ көп дүние өзгермейді-ау.

8. Әлеуметтік желіде емес, тікелей халықпен жұмыс істеу керектігінің бір көрінісі секілді.

9. Меніңше бізде жаңа саяси партия құрылып, жаңа леп келуі де керек. Бұл бізді басқа деңгейге көтереді.

10. Парламентке өте алмаған партиялар аймақтарда белсеніп, алдағы уақытта елмен тығыз жұмыс істейді деп сенеміз.

11. Шыны керек былтырғы сайлау, биылғы жағдайларды сараптап, осындай нәтиже шығатынын көбі іштей білді де негізі. Сол болды да. Үміт те болды...

12. Өз басым Парламентке аз кандидат ұсынғанын түсіне алмап едім. Азшылықпен уәдені орындау, ал Парламентте орындау мүлдем қиын ғой... Тіпті мүмкіндігі аз дүние саясатта.

«Дегенмен ресми жауап ертең шығып қалар. Күтейік...» - дейді Бауыржан Серікбаев.

Айта кетейік, бұған дейін «Қоғамдық пікір» зерттеу институты мен «Демократия институты» Еxit poll қорытындысы жарияланған болатын.



Соңғы жаңалықтар